Алғашқы тоқсанда сабақ қашықтан оқытылады - министр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алғашқы тоқсанда сабақ қашықтан оқытылады - министр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115710826065397.webp)
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алдағы оқу жылының алғашқы тоқсанында сабақ онлайн өтетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Мемлекет басшысы берген тапсырмалар аясында жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Жаңа ғана Үкіметтің отырысында осы мәселені бөлек қарап, тиісті шешім қабылданды. Қазір осы қабылданған шешім, оның себептері бойынша кеңірек таныстырып өтемін. Біз үшін ең басты мәселе – балалардың, педагогтардың қауіпсіздігі, олардың денсаулығы. Ал қазіргі ахуал өздеріңіз білетіндей өте қиын. Денсаулық сақтау министрлігінің берген мәліметтеріне қарасақ, күз айларында жылдағыдай ЖРВИ мәселесі болады. Сол себепті осының бәрін қарастырып отырып, тиісті шешімге келдік», - деді министр. Ведомство басшысы өз сөзінде мамандардың көмегіне жүгінгенін мәлім етті. «Тоқ етерін айтар болсам, қабылданған шешім мынадай: жаңа оқу жылында еліміздегі барлық мектептер қашықтан оқу форматына көшеді. Әрине бұл өте күрделі шешім. Біз осы шешімді қабылдамас бұрын ең алдымен сарапшылармен, ата-аналармен кеңесіп, пікірлерін тыңдадық. Сол сияқты халықаралық тәжірибелерге де жүгіндік», - деді Асхат Аймағамбетов.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)