Халықаралық садақ ату федерациясы 15 шілдеден соң жарыс кестесін жаңартады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Халықаралық садақ ату федерациясы 15 шілдеден соң жарыс кестесін жаңартады
ашық дереккөз

Садақ атудан Қазақстан командасының бас бапкері Григорий Ким спортшылардың қазіргі жағдайы мен алдағы жарыс кестесі жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап. «5 шілдеге дейін, яғни, қайтадан карантин жарияланғанша садақ атудан Қазақстан командасы Шымкент қаласында жаттыққан болатын. Елімізге карантин енгізілген соң, әр аймақ спортшылары онлайн жаттығу жиынына кірісті. Ал садақ атудан Қазақстан ерлер командасы Талдықорған қаласындағы интернат жанында дайындалды. Әзірге, халықаралық жарыстар туралы ақпарат жоқ. Халықаралық садақ ату федерациясы 15 шілдеден соң жарыс кестесін жаңартатынын мәлімдеді. Әлемдік ұйымның шешімін күтеміз, - дейді бас бапкер.