Қ.Тоқаев: Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты тезірек еңсереміз

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қ.Тоқаев: Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты тезірек еңсереміз
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемиядан қайтыс болғандардың рухына тағзым етіп, туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Біз бүгін індеттен қаза болған отандастарымызды еске алып, тағзым етеміз. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты тезірек еңсереміз деген сенімдемін. Үкімет пен әкімдер осы қиыншылықтардан шығу үшін шұғыл шаралар қабылдауда. Дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, еріктілердің жанкешті жұмысына ризашылық білдіремін", - деп жазады Президент Twitter парақшасында.