Елордада COVID-19 індетінен қайтыс болғандарды еске алу рәсімі өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада COVID-19 індетінен қайтыс болғандарды еске алу рәсімі өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/1721157100203820.webp)
Бүгін 13 шілде Жалпыұлттық аза тұту күні. Әлемге зиянын тигізіп жатқан коронавирус індеті Қазақстанды да айналып өтпеді. Бүгінге дейін жалпы саны 375 адам COVID-19 инфекциясының құрбаны болды. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында індеттен қайтыс болған жандарды еске алу үшін сағат 12:00-де бір минуттық үнсіздік жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Бір минуттық үнсіздік Қазақстан Қарулы Күштері сарбаздарының, Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтті.
Алапат індет жер құрлығының тұрғындарына ғана емес әлем елдерінің экономикасына үлкен шығын келтіріп отыр. Бүгінге дейін дүние жүзінде 13 млн-нан астам адам атыжаман дертке шалдықса, оның 60 мыңға жуығы қазақстандықтар. Ал 570 мыңнан аса адам бақилық болыпты.
«Әлем бойынша індет белең алып келеді. Елімізде орын алып жатқан қаралы жағдайларға байланысты бүгінгі іс-шара тағзым ету, халқымызға, марқұм кісілердің туған-туыстарына көңіл айту мақсатында орындалды. Бұл індетті жеңу үшін қазір бәрі атсалысып жатыр. Мұндай қиын жағдайда ер-азаматтардың негізгі міндетінің бірі – халықты сабырлыққа шақырып, тыныштығын қамтамасыз ету, елімізді осы қауіпті індеттен аман алып шығуға үлес қосу. Ал коронавирусқа қарсы шараларды толығымен сақтау әрбір тұрғынның парызы. Бұл тығырықтан шығу әрқайсымызға жүктелген міндет болып отыр», - деді Қазақстан Қарулы Күштері құрлық әскері бас қолбасшысының офицері, полковник Ибраһим Манарбек Айта кетейік, 8 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасап, коронавирустан қаза тапқан жандарды еске алу үшін 13 шілдені Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.
[video width="640" height="368" mp4="https://elorda.info/wp-content/uploads/2020/07/WhatsApp-Video-2020-07-13-at-14.03.56.mp4"][/video]
[video width="640" height="352" mp4="https://elorda.info/wp-content/uploads/2020/07/WhatsApp-Video-2020-07-13-at-14.01.38.mp4"][/video]
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)