Алексей Цой коронавирус індетінен көз жұмғандардың туған-туысына көңіл айтты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алексей Цой коронавирус індетінен көз жұмғандардың туған-туысына көңіл айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115713332991611.webp)
Бүгін Коронавирус пандемиясының құрбандарын ұлттық аза тұту күні. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы індеттің салдарынан жақындарынан, туған-туыс, бауырларынан, әріптестерінен айырылған еліміздің барша тұрғындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. Ол COVID-19 еліміздің жүздеген азаматының өмірін қиғанын жария етті. «Осы күндері менің әріптестерім – дәрігерлер мен медицина қызметкерлері өмірден озды, мәңгілікке көз жұмды, олар күтпеген қауіп-қатермен бетпе-бет келді, соңғы демдері қалғанша күресті. Бұл қайғылы жағдай біз үшін орны толмас қаза. Олар өмірінің соңына дейін дәрігерлік борышын жанқиярлықпен атқарды. Біздің есімізде олар мәңгі нағыз батыр болып қалады», -деді А. Цой. Ол, бұл індетті тоқтату үшін оған себепкер болып отырған пандемиямен күресте серпінді және тиімді шаралар қажет екенін атап өтті. «Осы қауіп-қатерді тоқтату үшін мен және менің әріптестеріміз тәулік бойы жұмыс жалғасатырудамыз» –деп мәлімдеді министр. Үкімет медициналық ұйымдарға және дәріханаларға қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылдауда, қосымша төсектер ашылуда, шетелдік сарапшылармен бірлесіп коронавирусты емдеу әдістері жан жақты зерделенуде және жетілдірілуде. Ол сондай-ақ қазақстандықтарды қолдан келер көмектері болса осы індетпен күресуде белсенді ат салысуға шақырды және еріктілер мен белсенді азаматтардың маңызды рөлін атап өтті. «Біз біргеміз, біз пандемиямен жеңіп шығу үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдырамыз. Біз бұл қиындықты жұмыла отырып, жеңе алатынымызға сенімдімін.» – деп елімізідің бас дәрігері Алексей Цой сөзін түйіндеді.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)