Коронавирус инфекциясын қайта жұқтыру мүмкін бе - дәрігер жауабы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Коронавирус инфекциясын қайта жұқтыру мүмкін бе - дәрігер жауабы
ашық дереккөз

Жоғары санатты пульмонолог, «Астана медицина университеті» ҰАК жанұялық медицина кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Наталья Латыпова пневмония дертінің мағынасын жік-жіктеп түсіндіріп берді әрі оны қайтара жұқтыру мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Қазір коронавирустық пневмония және әдеттегі бактериялық пневмония ұғымы бар. Статистика бойынша бактериялық пневмония өлімінің артуы орын алып жатқан жоқ. Егер бактериялық агент расталса, ауру өткен жылдардағы кезеңдермен салыстырылады. Біз компьютерлік томографияда (КТ) коронавирустық пневмония сияқты типтік көрінетін екі жақты пневмония туралы айтатын болсақ, онда біз оларды коронавирустық деп санауымыз керек", - дейді маман. Оның айтуынша осы үшін кейінгі хаттамаға ықтимал коронавирустық пневмония термині енгізіліпті. "Кодтау жақында ғана пайда болды. Оның коды - U0702. Бұл ПТР-зерттеумен расталмаған ықтимал коронавирустық пневмонияны кодтайды. Егер клиникалық типтік көрініске үңілсек, КТ немесе рентгенография критерийлері мұны вирустық пневмония деп атайды. Біз оны өкпенің короновирустық зақымдануы деп есептейміз. Сондықтан пневмония негізінен өкпенің коронавирустық зақымдануына жатады. Ал кодтау жақында пайда болды. Қазір, кейбір позициялар статистикалық түрде қайта қаралатын шығар", - деп түсіндірді Наталья Латыпова. Маман пневмонияның бұл ұғымына өкпенің короновирустық зақымдануы бар адамдар кіруі мүмкін екенін жеткізді. Наталья Латыпова сөз соңында коронавирус инфекциясын қайта жұқтыру мүмкін екенін мәлім етті. Егер адам бактериялық пневмонияны еңсеретін болса, коронавирустық инфекцияны жұқтыру ықтималдығы өзгелерімен бір деңгейде. Егер ол коронавирустық инфекция болса, иммунитеті сақталады деп үміттенеміз", - деп сөзін аяқтады.