Елордада іQala қызметтерін жаңа мекенжайлардан алуға болады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада іQala қызметтерін жаңа мекенжайлардан алуға болады
ашық дереккөз

Елорда тұрғындарына ыңғайлы болу үшін енді iQala қызметтерін «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның Бөгенбай батыр көшесі, 24/1; Сығанақ көшесі, 25 («Аңсар» БО, 1 қабат) мекенжайларында орналасқан фронт-кеңселерінен алуға болады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Орталықтың міндеті - «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет алу үдерісін барынша жеңілдету. Бұл дегеніміз инстанциялар арасындағы жүру бағытын межелі бір нүктеге дейін азайту, ал қызмет алу барысын едәуір ыңғайлы ету. Қала тұрғындарына құжаттарға мөр бастыру үшін көптеген мекемелерге жүгірудің қажеті жоқ. Ол үшін iQala орталығының Қошқарбаев даңғылы, 29 немесе жоғарыда көрсетілген мекенжайлардағы фронт-кеңселерге жүгіну жеткілікті. Естеріңізге сала кетейік, iQala – «бір терезе» қағидаты бойынша әкімдік басқармаларының, коммуналдық және муниципалдық қызметтердің, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту институттарының қызметтерін біріктіретін тұрғындар мен қала биліктерінің өзара іс-қимылының жаңа форматы.