Қытай БАҚ-тарының Қазақстандағы жаңа пневмония туралы ақпараты шындыққа сәйкес келмейді – министрлік
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қытай БАҚ-тарының Қазақстандағы жаңа пневмония туралы ақпараты шындыққа сәйкес келмейді – министрлік](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115712418894403.webp)
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған жаңа пневмония туралы хабарламаны жоққа шығарды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Қытайдың кейбір ақпарат құралдары «Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония тіркелген» деген ақпарат таратып жүр. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде хабарлайды. ДДСҰ аурулардың халықаралық жіктемесіне – АХЖ 10 пневмонияны есепке алу үшін кодтар енгізгенін атап өткен жөн, бұл кезде КВИ клиникалық немесе эпидемиологиялық диагностикаланғанда, мысалы өкпенің зақымданған «күңгірт шынының» симптомы, бірақ зертханалық расталмаған. Осы орайда өзге елдермен қатар Қазақстан да осындай түрдегі пневмонияны есепке алып, бақылап отырады. Бұл өз кезегінде коронавирус инфекциясының таралуы мен оны тұрақтандыруға бағытталған бірқатар басқару шешімдерін уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі А.Цой 9 шілдедегі брифингте елдегі пневмонияның, нақтылай түссек, бактериялық, вирустық, сонымен қатар, АХК-10 классификациясына сай «этиологиясы белгісіз вирустық пневмония» ауруларының жалпы саны туралы айтқан болатын. Осылайша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қытай баспасөз құралдары таратқан ақпаратының шындыққа сәйкес келмейтіндігін хабарлайды.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)