Коронавирус жұқтырғандар саны көп болуы мүмкін - министр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Коронавирус жұқтырғандар саны көп болуы мүмкін - министр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115721439004337.webp)
Коронавирус жұқтырған науқастар саны сынақтармен расталғаннан көп болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо. Денсаулық сақтау министрі әрбір адам тестпен қамтылмағанынын атап өтті. "Бірақ денсаулық сақтау жүйесі үшін қазір бұл басты міндет емес, яғни барлығын бірдей тесттен өткізу шарт емес. Себебі негізгі күш осы аурудың алғашқы белгілері бар науқастарға көмек көрсету үшін жасалады. Оларды ауыр формаларға жеткізбеу басты міндет", - деді Алексей Цой. Ол сондай-ақ КВИ-дің симптомсыз науқастарына қатысты да қозғап өтті. "Ал симптомсыз пациенттердің басым бөлігі ауырмайды. Иә, олар жұқпалы болуы мүмкін, бірақ олар аяғын басып, тік жүре алады және 14 күннен кейін суығып шығады. Ешнәрсе алаңдамайтын адамдарды сынау қаншалықты қажет? Біз негізгі күшті көмекке мұқтаж пациенттерге бөлуіміз керек деп есептейміз", - деп атап өтті Алексей Цой.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)