Келесі аптада пннвмониямен ауырып жатқандардың статистикасы шығады - Цой
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Келесі аптада пннвмониямен ауырып жатқандардың статистикасы шығады - Цой](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115722819065907.webp)
Алдағы аптадан бастап Денсаулық сақтау министрлігі пневмониямен ауырып жатқандар жайлы және өлім-жітім жағдайлары бойынша статистикалық мәліметтерді шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. "Қазіргі уақытта біз апта сайынғы өлім жағдайларын назарда ұстап отырмыз. Пневмония санына да мониторинг жасалады. Біз азаматтар аурудың ауқымын түсінуі үшін тиісті мәліметтерді жариялайтын боламыз. Жұрт әлеуметтік желілерде, коронавирус статистикасындағы сандар аз болғандықтан айналасында қайтыс болғанындарды немесе науқастардың көптігін айтып, әлеуметтік желілерде хабарлап жатады. Шын мәнінде ешнәрсе жасырылмайды, пневмония санын жақын арада көрсетеміз. Мен оны тұрақты түрде жасағым келеді. Ол деректі жариялауға ешқандай кедергі жоқ", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Оның айтуынша, пневмония аурушаңдығы КВИ ауруымен ауырғандар санынан бірнеше есе көп. "Әрине, олардың саны коронавирустық инфекциядан үш есе көп. Қазір күшейіп жатыр әрі өлім жағдайлары да бар. Біз келесі аптадан бастап тиісті мәліметтер шығаруға тырысамыз. Егер статистика халыққа қызықты болса, біз де ұсынуға дайынбыз", - деді министр.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)