Елорданың жедел жәрдем қызметінде мобильдік топ қашан құрылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорданың жедел жәрдем қызметінде мобильдік топ қашан құрылады
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем қызметінде мобильдік топ қашан құрылатынын, сол сияқты пневмониямен ауырып жатқандар қажет дәрілерді тегін алуы үшін не істеу керектігін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Барлық емханаларда мобильдік топ құрылып жатыр. Республика бойынша 465 мобильдік топ құрылды. Елордада 31 емхана бар, олардың әрқайсысында 2-3 мобильдік топ құрылды. Жедел жәрдем станциясында да осындай мобильдік топ құруда оның тарифін есептеп бастадық. Қазір келісімшарт жұмысы жүріп жатыр. Олар қормен келісімшартқа отырып, мобильдік топты қамтамасыз ететін қаражатты алуы керек. Сол себепті Нұр-Сұлтан қаласының мобильдік топтары келісімшарт жасалғаннан кейін пайда болады», - дейді Ажар Ғиният. Сөз арасында пневмониямен ауырып жатқан кісілер қажет дәрілерді тегін алу үшін не істеу керектігін түсіндіріп берді. «Қазір әрбір емханада пневмония ауруымен ауырған адамдарға учаскелік дәрігерлер антибиотиктер және қызуды түсіре алатын дәрілерді бере алады. Сондықтан рецептпен бұл дәрілер тегін беріледі. Учаскелік дәрігердің нұсқауы және рецептісі керек», - дейді вице-министр.