ЕҰУ проректоры Думан Айтмағамбетов Президент үндеуіне пікір білдірді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ЕҰУ проректоры Думан Айтмағамбетов Президент үндеуіне пікір білдірді
ашық дереккөз

Еуразия ұлттық университетінің проректоры Думан Айтмағамбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теледидардан елдің қазіргі ахуалы туралы үндеу жолдады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеуінде 5 шілдеден бастап 2 аптаға жарияланған қатаң карантин індет шыңын еңсеруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл міндетті және дұрыс шешім. Егер біздің отандастарымыз карантиндік шараларды қатаң және жауапкершілікпен орындаса, біз барлық қиындықтарды жеңеміз деп ойлаймын. Президент қазіргі зор ауыртпалық дәрігерлер мен медициналық мекемелердің мойындарына түскенін және медицина қызметкерлерінің жұмысына баға жетпейтінін атап өтті. Еліміздің әр азаматы дәрігерлердің қажырлы еңбегін жоғары бағалауда. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық азаматтарды үмітсіздікке бой бермеуге және індетпен бірлесе күресуге шақырды. Мемлекет елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды іске асыруда. Қабылданған шаралардың арқасында Үкімет вирустың таралуын едәуір азайтты. Еліміздің бірде-бір азаматы медициналық көмек пен мемлекеттің қолдауынсыз қалмайтынына сенімдімін. Менің ойымша, Президенттің телевизиялық үндеуінен кейін адамдардың еңсесі көтеріліп және өздерін қауіпсіздікте екендігін сезінді.