ІІМ басшысы «биохимиялық қаруды шашырату» туралы хабарламаны жоққа шығарды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ІІМ басшысы «биохимиялық қаруды шашырату» туралы хабарламаны жоққа шығарды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115728630553125.webp)
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Интернет желісінде жалған ақпаратты таратуға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау мақсатында ішкі істер органдары жүргізген әлеуметтік желілердің күн сайынғы мониторингі соңғы уақытта жалған ақпараттың таралуы жиілеп кеткенін көрсетті. Басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп әрбір осындай хабарламаны біз тексереміз. Бүгінгі таңда елдегі эпидемиологиялық жағдайдың өзекті тақырыбын жеке тұлғалар аудиторияның назарын аудару үшін пайдаланады, бұл ретте ақпараттың тексерілмегенін елемей, оның ішінде шетелдік тегі барлар да хабарламаларды таратуда. Ең танымал таратылымдардың арасында – "вирус елді мекенге ұшақтар мен тікұшақтардың көмегімен шашыратқан ", "Қазақстанға биохимиялық қару шашыратқан" және т.б. аудиохабарламалар бар. Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі кейбір пайдаланушылар келесі мазмұнды жариялады: "Бүгінгі аурудың өршуі биологиялық қару-жарақпен химиялық шабуылдан орын алуы мүмкін”... Бұл хабарламалардың барлығы расталмаған және өтірік болып табылады және қоғамды тұрақсыздандыруға әрекет ретінде бағаланады. Осы және басқа да ұқсас фактілер бойынша ІІМ Тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (біле тұра жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, оның санкциясы айыппұл, түзеу жұмыстары, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жазаны көздейді. "Мен азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуге, арандатуларға ұшырамауға және жалған ақпаратты таратпауға шақырамын", - деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)