Амбулаториялық көмек кезінде қандай ем-дом қолданылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Амбулаториялық көмек кезінде қандай ем-дом қолданылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115727243789400.webp)
Нұр-Сұлтан қалалық №5 емхананың бас дәрігері Алтыншаш Табулдина амбулаториялық емдеу кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдер жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бүгінгі күні стационардан шыққан пациенттерге белгілі бір ұсыныстар беріледі. Мысалға есепте тұрған кісілерге қайтадан компьютерлік томографиядан өту, қан тапсыру, УЗИ жасау туралы кеңес беріледі. Пациенттер емделіп шыққаннан кейін провизорлық бөлімшеде мамандарымыз кеңестерін айтып, өтуі тиіс тексерістерге жолдама алады», - деді маман. Ол пневмонияның симптомсыз түрінен ауыр түріне өтіп кететін сәттер жиі кездесіп жататынын тілге тиек етіп өтті. «Амбулаториялық емге пациенттер негізінен симптомсыз немесе жеңіл түрінде жүгінеді. Қазіргі уақытта амбулаториялық көмекте антибактериялы дәрілер қолданылмайды. Бұған қоса көмекке жүгінген кісілерге дәрігерлер онлайн түрде шығып тұрады. Симптомсыз түрінен жеңіл түріне, ары қарай ауыр деңгейіне өтіп кету жағдайы жиі болып тұрады. Сол себепті амбулаториялық кезеңде дәрігерлер науқастармен тұрақты байланыста болуы қажет», - деді Алтыншаш Табулдина. Сөз арасында ол пневмонияның асқынып кеткен түрі болса тегін амбулаториялық көмек көрсетіп, тиісті дәрілері берілетінін жеткізді.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)