Нұр-Сұлтанға Ресейден 32 дәрігер көмекке келді – Қисықова

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанға Ресейден 32 дәрігер көмекке келді – Қисықова
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте Ресейден көмекке келген дәрігерлер туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бүгінен бастап біздің дәрігерлер ресейлік әріптестерімізбен бірге жұмыс істеуді бастады. Ресейден Нұр-Сұлтан қаласына 32 дәрігер келді. Олар – анестезиологтар мен реаниматологтар және инфекционист, пульманолог, эпидемиолог дәрігерлер. Олар бүгін елорданың инфекциялық стационарларына бөлінді. Енді Ресей дәрігерлері практикалық және методикалық көмек көрсететін болады», – деді басқарма басшысы.