Елордада өкпені жасанды желдету аппаратына 40 адам мұқтаж – Қисықова
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада өкпені жасанды желдету аппаратына 40 адам мұқтаж – Қисықова](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115726347022071.webp)
Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова науқастарға қанша аппарат жетіспейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 180-нен астам адам жатыр. Олардың арасында өкпені жасанды желдету аппаратына 40 адам мұқтаж. Бірақ науқастың жағдайы нашарлап, ауа жетіспеушілігі туындаған кезде өкпені жасанды желдеткішінен бөлек флоуметр, ауа концентранты секілді өзге де тәсілдер қолданылады. Сол себепті жыл соңына дейін өкпені желдетудің 200 аппаратын сатып алу жоспарланып отыр. Олардың арасында алғашқы 50 данасы шілде айында жеткізіледі. Бұл проблема кезең кезеңімен шешіледі», - деді Сәуле Қисықова. Айта кетейік, осыған дейін қала әкімі Алтай Көлгінов аталған 200 аппараттан бөлек 500 флоуметрге (оттегі концентратына арналған), 500 оттегі концентратына тапсырыс берілгенін мәлім еткен болатын.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)