Дәрігерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша 4 млрд теңге бөлінді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Дәрігерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша 4 млрд теңге бөлінді
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн брифингте дәрігерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша бөлінген қаржы туралы қозғап өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Тұтастай алғанда, коронавируспен күрес бойынша орталық мемлекеттік органдармен, денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы органдармен бірге мемлекет ауқымды, жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Дәрігерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жалақы мен үстемеақы туралы айтпағанда жергілікті бюджеттен шамамен 4 млрд теңге бөлінді. Осыған дейін айтып өткенімдей, сыйақы мен төлемдер бойынша бөлінген қаржы 3 млрд теңгеден асады», - деді Алтай Көлгінов. Айта кетейік, әкім осыған дейін 200 ӨЖЖ аппаратына, 500 флоуметр (оттегі концентратына арналған), 500 оттегі концентратына тапсырыс берілгенін мәлім еткен болатын.