Күніне 250-300 адам инфекция жұқтыратын болса, осынша адам сол күні емделіп шығады – әкім
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пневмониямен ауырып жатқандар жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Ресми мәліметтерге сәйкес, 5 894 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған болса, оның 1 224-інде пневмония табылды. Күніне 250-300 адам инфекция жұқтыратын болса, осынша адам сол күні емделіп шығады. Бұл біздің дәрігерлеріміздің үлкен жұмысы», - деді әкім. Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова пневмониямен ауырғандар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артқанын мәлім еткен болатын.
Ұқсас жаңалықтар
11 ақпан, 2025
Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды
11 ақпан, 2025
Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды
11 ақпан, 2025
Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады
10 ақпан, 2025
Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді