Пневмониямен ауырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге өсті - Қисықова

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Пневмониямен ауырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге өсті - Қисықова
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы онлайн брифингте пневмониямен ауруханаларға жатқызылғандар саны тәулігіне 300-ге жеткенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Электронды денсаулық сақтау филиалының дерегіне сәйкес, пневмониямен ауырғандар саны 1700-ге жетті. Күнделікті 200 адам пневмониямен ауруханаларға жатқызылған. Өткендегі соңғы жағдай бойынша 300 адамның ауруханаға жатқызылғаны анықталды. Жалпы, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,2 есеге өсіп отыр», – деді ол.