Қазақстанда триатлоннан өтетін халықаралық жарыс кейінге қалдырылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда триатлоннан өтетін халықаралық жарыс кейінге қалдырылды
ашық дереккөз

Триатлоннан BI Group Ironman Kazakhstan және BI Group Ironman 70.3 Astana халықаралық додалары келесі жылға ауыстырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо оlympic.kz-ке сілтеме жасап. Коронавирус пандемиясына байланысты триатлон бәсекесі 2021 жылдың 15 тамызына шегерілді. Айта кетерлігі, былтыр аталған додаға 50 елден 1 400 спортшы жиналған болатын. Елордада өткен бәсекеге барлығы 20 Pro санатындағы спортшылар қатысты. Қатысушылар әуелі 1,9 шақырым жүзіп өтіп, 90 шақырым велосипедпен, ал жүгіру бойынша 21 шақырым қашықтықты бағындырды. Қазақстандықтар ішінде ең үздік көрсеткішке «Астана» велокомандасының менеджері Александр Винокуров қол жеткізген болатын. Ол барлығын 4 сағат 9 минут 8 секундта бағындырды.