COVID-19. Елімізде 260 адам жансақтау бөлімінде жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![COVID-19. Елімізде 260 адам жансақтау бөлімінде жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115723830876493.webp)
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясы бойынша елімізде соңғы тәулікте 456 науқас стационарға түскенін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бүгінге дейін 49 683 науқас тіркелді. Тәулік ішінде 1 109 жаңа жағдай қосылып отыр. Соңғы тәулікте 456 науқас стационарға түсті. Реанимация бөлімінде ауыр және өте ауыр жағдайда 260 науқас жатыр. Оның ішінде 12 жүкті әйел, жас босанған әйел және бір бала бар. Осы пациенттердің 72 пайызы өкпені жасанды желдету аппаратында. Соңғы тәулікте 5 пациент жансақтау бөлімінен әдеттегі палаталарға жағдайының жақсаруына байланысты ауыстырылды. Жағдайы ауыр науқастардың негізгі үлесі – Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына тиесілі», - деді Ажар Ғиният. Вице-министрдің айтуына қарағанда, Қазақстанда індеттен жалпы 264 адам қайтыс болды. «Олардың жартысы үш өңірге тиесілі: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы, Алматы қаласы. Соңғы аптада ішінде 76 адам қайтыс болды. Инфекциядан өлім жағдайын талдауды әрбір өңірдегі облыстық денсаулық сақтау басқармаларындағы комиссия жүргізеді. Қайтыс болған пациенттердің негізгі үлесі – 50 жастан асқан адамдар. Пациенттердің 90 пайыздан астамында жүрек-тамыр, бронхы мен өкпе жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, семіздік, бауыр циррозы, обыр аурулары болған. Эпидемиялық деректерді жинау кезінде мұндай адамдардың шектеу немесе карантин жағдайларын бұзғаны, көпшілік орталарда болғаны анықталды. Осылайша, ауру жұқтырған. Жасы үлкен және созылмалы аурулары бар адамдарды өз денсаулығына аса жауапты болуға, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға, өз үйлеріңізден қажет болмаған жағдайда шықпауға шақырамын», - деді ол.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)