Бірігіп жұмыс істеуге дайынбыз – министр ауруханаларды сынаған доктор туралы айтты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бірігіп жұмыс істеуге дайынбыз – министр ауруханаларды сынаған доктор туралы айтты
ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте әлеуметтік желілерде еліміздің ауруханаларындағы жағдайды сынға алған дәрігерге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Әлеуметтік желі арқылы таралып жатқан медицина мамандарының жұмысын сынға алған доктордың пікірін естідік. Алайда біздің мамандарымыз халықаралық сарапшылар мен қазақстандық сарапшылардың нұсқаулығы бойынша бекітілген хаттамаға сәйкес жұмыс істейді. Ол дәрігерге қатысты ғалымдар мен әр өңірдегі білікті дәрігерлер өз пікірлерін білдіріп жатыр. Біз ол доктормен хабарласып едік, жауап ала алмадық. Дегенмен алдағы уақытта бірігіп жұмыс істеуге дайынбыз. Ғалымдармен және еліміздің білікті дәрігерлерімен бірге өтетін жиындарға қатысып, өзінің тәжірибесімен бөлісуіне болады», – деді ол.