Дәрі-дәрмектің бағасын көтеріп жібергендер жазаланады - Тоғжанов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Дәрі-дәрмектің бағасын көтеріп жібергендер жазаланады - Тоғжанов
ашық дереккөз

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қазіргідей қысылтаяң кезеңде дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтеріп жібергендер жазаланатынын ескертті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. "Дәрі-дәрмек нарығын ақша жасаудың көзіне айналдырғандар қатаң жазаланады. Жаңа ғана, 1 сағат бұрын сондай пиғылмен жұмыс істеген біраз азамат қолға түсті. Сондықтан осындай нақты іс-шаралар бүкіл Қазақстан бойынша жүргізіледі. Осыны әсіресе дәрі-дәрмектің айналасындағы жағдайды ескере отырып, пайда тауып қалуды көздейтін азаматтарға ескерткім келеді", - деді Е.Тоғжанов. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы бұл мәселені жіті назарында ұстап отырғанын қозғап өтті. "Бұл - Президенттің тікелей қарауындағы сұрақ. Қазақша айтқанда, кемедегінің жаны бір. Сондықтан бір бірімізді қолдап, нақты шешімі бар жолдармен жүргеніміз дұрыс болады деген ойдамыз. Мемлекет басшысы тиісті тапсырмалар берді", - деп ойын қорытты вице-премьер.