Қазіргі уақытта 383 көшпелі мобильді бригада жұмыс істейді – вице-министр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазіргі уақытта 383 көшпелі мобильді бригада жұмыс істейді – вице-министр
ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният онлайн брифингте көшпелі мобильді топ жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бүгінде көшпелі мобильді топ арқылы көмек беруді жалғастырудамыз. Осы уақытта 383 көшпелі мобильді бригада жұмыс істейді. Ол бригадалардың әртүрі бар. Мысалы, бір түрі Covid-19-ға тест алуды жүргізу. Онда мейірбикелер жұмыс істейді. Бұл көбіне симптомдары бар, жіті респираторлық вирустық инфекциялардың белгілері бар, тыныс алуда қиындығы бар адамдарға қажет, негізінен соларға қызмет көрсетеді. Ал мобильді бригаданың екінші түрі бойынша Covid-19 расталған жағдайда медицина мамандары олардың үйіне барып қызмет көрсетеді. Сонымен қатар мобильді топтың үшінші түрі созылмалы, хроникалық, онкологиялық ауру түрлері бар науқастарға қызмет көрсетіп, жүкті әйелдер мен балаларға да медициналық қызмет ұсынады», – деді ол.