COVID жұқтырған жүкті әйелдер 167 сау баланы дүниеге әкелді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![COVID жұқтырған жүкті әйелдер 167 сау баланы дүниеге әкелді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115727627378888.webp)
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният еліміздегі аппараттар саны, коронавирус инфекциясын жұқтырған жүкті әйелдер жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. "Жұмыс істеп тұрған 3 300 аппаратқа қосымша 978 аппарат сатып алынады. Тағы да 1000 аппаратты сатып алу рәсімі жүргізілуде. Бұдан басқа оксигенотерапияны қамтамасыз ету мақсатында 4000 оттегі концентранты сатып алынды", - дейді ведомство өкілі. Ол өз сөзінде бүгінге дейін емделіп шыққан науқастар жайлы қозғап өтті. "Эпидемия кезінде Covid инфекциясынан 25 мыңнан астам пациент емделіп шықты. Олар қалыпты өмірге қайта оралды. Ауыр жағдайда болған 2 085 пациент аман қалды. Covid жұқтырған жүкті әйелдер 167 сау баланы дүниеге әкелді. Бүгінгі күні инфекцияға қарсы күреске 41 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылды", - деді вице-министр.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)