Инфекция жұқтырғандармен байланыста болғандар 115 мыңға жетті – вице-министр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Инфекция жұқтырғандармен байланыста болғандар 115 мыңға жетті – вице-министр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115728137869879.webp)
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният онлайн брифингте вирус жұқтырғандармен байланысты болғандардың саны артып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Батыс Қазақстан облысында инфекцияның өршу себебі шетелдерде жұмыс істеушілер мен сыртқы миграцияның әсері болып отыр. Облыстарда байланыста болған адамдар саны өте көп. Оларды анықтау қиынға соғуда. Орташа есеппен байланыста болғандардың саны 115 мыңға жетті. Байланыста болғандар әлеуетті науқастар болғандықтан, дәрігерлер оларға тестілеу, динамикалау сияқты жұмыстарды жүргізуде. Өкінішке қарай, азаматтар арасында байланыста болғанын әдейі жасыру да орын алады. Қазіргі уақытта медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып, іске асырылуда», – деді вице-министр.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)