Нұр-Сұлтанда азаматтар ауруханаға өздігінен көп жүгінеді – Денсаулық сақтау вице-министрі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда азаматтар ауруханаға өздігінен көп жүгінеді – Денсаулық сақтау вице-министрі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115728544687644.webp)
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният онлайн брифингте коронавирустық инфекцияның соңғы жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша күрделі болып отыр. Көптеген елдерде инфекция таралуының екінші толқыны жүріп жатыр. Елімізде күн сайын Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар саны өсіп келеді. Тіркелгендердің саны бір ай ішінде 4,5 пайызды құрады. Облыстардағы өсім 2 пайыздан 8 пайызға дейін артуда. Бүгінгі күнде елімізде 44 100-ге жуық жағдай тіркеліп отыр. Күніне орташа есеппен 1 500 адам ауырады. Осы күнге дейін ауруханаларда 200 науқас көз жұмды. Қазіргі уақытта ауруханаларда 8 500 науқас емделіп жатыр. Вирусты жұқтырғандар әсіресе халық тығыз орналасқан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және Атырау, Қарағанды өңірлерінде тіркелген. Мысалы, жеке адамдар арасындағы инфекция жұқтырғандардың ең көп тіркелгендер Алматы қаласы мен Атырау, Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады. Ауру жұқтырғандардың әр өңірдегі себептері әртүрлі. Науқастардың ем алу кезінде де кездесетін қиындықтар әрқалай. Сырқаттанған азаматтар Нұр-Сұлтанда өздігінен ауруханаларға көп жүгінеді. Жалпы, мұнда өлім жағдайы бойынша еліміз бойынша үштен бірін құрап отыр», – деді ол.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)