Балабақша тәрбиеленушілері арасындағы «Атамекен» сурет байқауы қорытындыланды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Балабақша тәрбиеленушілері арасындағы «Атамекен» сурет байқауы қорытындыланды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115782726013077.webp)
Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мерейтойы және елорда күніне арналған балабақша тәрбиеленушілерінің арасында ұйымдастырылған «Атамекен» сурет байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Шығармашылық байқауға елорданың мектепке дейінгі ұйымдарынан 400-ден астам жұмыс түскен. Оның ішінде Елбасы кітапханасымен көптен бері серіктес болып келе жатқан № 35 «Ертегі», № 56 «Береке», № 53 «Мерей», № 72 «Жанарым», № 87 «Қадыр», № 37 «Арман», № 38 «Шаттық». Сонымен қатар жаңа балабақшалар да белсенділік танытты: № 4 «Аружан», № 5 «Ақбота», № 7 «Аққу», № 8 «Думан», № 21 «Гүлдер», № 22 «Әлем» сынды және басқа да балабақшалар бар. Іріктеу кезеңі барысында байқаудың финалына 161 номинант өтті. Байқау «Еуразия жүрегінде», «Елбасы және елорда», «Менің елім», «Алтын ұям», «Мәңгілік ел», «Мен патриотпын», «Туған жер» номинациялары бойынша қорытындыланды. «Еуразия жүрегінде» номинациясы бойынша: ІІІ орын – Мырзабеков Айдын, № 21 «Гүлдер» б/б; Мусина Әмина, № 38 «Шаттық» б/б; Тұрысбекова Айғаным, № 72 «Жанарым» б/б; ІІ орын –Жапарова Амира, № 5«Ақбота» б/б; Шиманская Софья, № 20 «Арайлым» б/б І орын – Махметхан Сымбат, № 58 «Өркен» б/б. «Елбасы және елорда» номинациясы бойынша: ІІІ орын – Мусин Әділхан, № 22 «Әлем» б/б; Саденова Амира, № 38 «Шаттық» б/б; Цечоева Айна, № 26 «Үміт» б/б. ІІ орын– Томаров Әли, № 64 «Асыл бөбек» б/б; Әуез Әдел, № 4 «Аружан» б/б. І орын – Ақышев Әлмансұр, № 87 «Қадыр» б/б. «Менің елім» номинациясы бойынша: ІІІ орын – Кабенова Дамеля, № 48 «Ақ көгершін» б/б; Құрманалина Кәмилә, № 21«Гүлдер» б/б; Жұмабай Диляра, № 50 «Жұлдыз» б/б. ІІІ орын – Егінбай Нұрасыл, № 8 «Думан» б/б; Массанова Аймира, № 34 «Ақ бидай» б/б. І орын – Сарвар Сымбат, № 50 «Жұлдыз» б/б. «Алтын ұям» номинациясы бойынша: ІІІ орын – Фоменко Дмитрий, №4 «Аружан» б/б; Омар Әбілмансұр, № 72 «Жанарым» б/б; Амантай Төре, № 83 «Жансая» б/б. ІІ орын – Сыздықова Сабина, № 94 «Сұңқар» б/б; Ерболов Мансұр, № 43 «Қызғалдақ» б/б. І орын – Махмұд Әмина Икрамқызы, № 43 «Қызғалдақ» б/б. «Мәңгілік ел» номинациясы бойынша: ІІІ орын – Әлкен Бибіжан, № 72 «Жанарым» б/б; Дүйсенбаева Айя, № 83 «Жансая» б/б; Каримова Амира, № 56 «Береке» б/б. ІІ орын – Байбазар Әнуар, №11 «Гауһар» б/б; Сайлаубекова Аружан, № 56 «Береке» б/б. І орын – Мұсаева Малика, № 72 «Жанарым» б/б. «Мен патриотпын» номинациясы бойынша: ІІІ орын – Чаус Виктория, № 20 «Арайлым» б/б; Жұман Әрсен, № 87 «Қадыр» б/б; Яковлева Александра, № 72 «Жанарым» б/б. ІІ орын – Төлеу Әлішер, № 72 «Жанарым» б/б; Құрманғазы Кәусар, № 72 «Жанарым» б/б. І орын – Отыншы Нұриман, № 50 «Жұлдыз» б/б. «Туған жер» номинациясы бойынша: ІІІ орын – Исенаманова Ясения, № 53 «Мерей» б/б; Бекинаева Алина, № 39 «Меруерт» б/б; Әмренова Нұриям, № 63 «Әсем-ай» б/б. ІІ орын – Зарипова Милана, № 35 «Ертегі» б/б; Сағидолда Айсұлтан, № 64 «Асыл бөбек» б/б. І орын – Сафиулина Эвелина, № 39 «Меруерт» б/б. Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады. Бас жүлдені Жәнібек Арлан, № 2 «Батыр» б/б жеңіп алды.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)