Өткен аптаның соңында дәріханаларға 700 мың парацетамол бумасы түсті – министр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Өткен аптаның соңында дәріханаларға 700 мың парацетамол бумасы түсті – министр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115783726647131.webp)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәріханаларға қандай дәрі-дәрмектер жеткізу жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Өндірушілермен және дистрибьюторлармен бөлшек дәріханаларға дәрі-дәрмектерді жедел жеткізу туралы келіссөздер жүргізілуде. Осы аптаның соңына дейін желіге вирусқа қарсы препараттардың 70 мың қаптамасы келіп түседі. Өткен аптаның соңында нарыққа әр түрлі өндірушілерден 700 мың парацетамол бумасы түсті. Алдағы екі апта ішінде 800 мың парацетамол орамасы жеткізіледі деп күтілуде", - деп атап өтті министр. Алексей Цой антибиотиктер туралы да қозғап өтті. Өткен аптаның соңында отандық өндірушілер дистрибьюторларға жөнелтуді бастады. Азитромициннің 100 мың бумасы нарыққа түсті. «Бұған қоса, жақын арада нарыққа левофлоксациннің шамамен 30 мың орамасы, амоксициллиннің 75 мың орамасы, ципрофлоксациннің 70 мың орамасы, цефуроксимнің 150 мың орамасы, цефтриаксонның 858 мың орамасы жеткізіледі деп күтіліп отыр. Дәрі-дәрмектерді шекті бағадан жоғары сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік, қайта бұзғаны үшін лицензиясын тоқтату қарастырылған. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектерді рецептісіз бергені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)