Алексей Цой: 138,8 млн теңгеге 59 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алексей Цой: 138,8 млн теңгеге 59 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынды
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі ИВЛ аппараттары жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Стационарларда 3 300 ИВЛ аппараттары бар. Қосымша 907 аппарат сатып алынады. Тағы 1000 данасын сатып алу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұған қоса 4 000 оттегі концентратын сатып алу жоспарда бар», - дейді ол. Министр сөз арасында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қалай реттеліп жатқанын қозғап өтті. «Стационарлардағы коронавируспен ауырып жатқан науқастарды толығымен емдеу үшін 138,8 млн теңгеге 59 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынды. 2 шілдедегі жағдай бойынша өңірлердегі 27 мың науқасқа арналған медициналық ұйымдарда вирусқа қарсы препараттармен жабдықталды. Бұған қоса қазір 15 шілдеге дейін жеткізілетін дәрі-дәрмектерді қосымша сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл 28 мың науқасты қамтамасыз етеді. Қосымша сатып алу 58 864 науқасты дәрі-дәрмекпен қамтиды», - дейді министр. Ол өз сөзінде вирусқа қарсы терапия орташа ауыр, ауыр деңгейдегі науқастарға қажет екенін айрықша атап өтті. Бұған қоса медициналық ұйымдар науқастарды емдеуде антибиотиктің 16 түрін пайдаланып жатқанын жеткізді.