Коронавируспен ауырып жатқандарды емдеу үшін қосымша 50 мың орын ашылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Коронавируспен ауырып жатқандарды емдеу үшін қосымша 50 мың орын ашылады
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан науқастарға арнап қанша орын ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Науқастармен қарым-қатынаста болған бас-аяғы 13 мың орынға арналған карантиндік стационарлар провизорлық және инфекциондық орталыққа айналады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен инфекциондық орталыққа арналған төсек орын 50 мыңға көбейеді. Соңғы 3 тәулікте төсек қоры елімізде 1 500 төсек-орынды және коронавирус жұқтырды деген күмәнді азаматтарға арнап 5 мың провизорлық орын әзірледі», - деді министр. Ол өз сөзінде ауруханаға қабылдауда қандай диагнозы бар науқастарға басымдық берілетінін жеткізді. «Бүгінде 333 ұйымда 20 мың инфекциялық-провизорлық орын іске қосылды. Пневмониямен ауырып жатқан науқастарды жатқызуға басымдық беріледі», - деді ведомство басшысы.