Елімізде 256 адам ауыр күйде жатыр – Цой
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде 256 адам ауыр күйде жатыр – Цой](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211578967392614.webp)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан науқастар жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «COVID-19 күннен күнге өсіп жатыр. Коронавирус инфекциясының ең жоғарғы көрсеткіші соңғы айда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарында байқалады. Соңғы тәулікте 1 509 оқиға тіркелді. Ең көбі Атырау (287 жағдай), Алматы (195 жағдай), Батыс Қазақстан (112), Алматы (111 жағдай), Шығыс Қазақстан (111) облыстарында анықталды», - деді министр. Ол сөз арасында 2 шілде күнгі ауырғандардың жалпы санынан 41 пайызы профилактикалық анықтау кезінде табылғанын мәлім етті. «38 оқиға науқаспен қарым-қатынаста болғандардан, 19 пайызы өздері хабарласу арқылы, ал 2-еуі алып келгендерден анықталды. Ал симптомсыз әрі жеңіл түрі 14,3 мыңынан немесе 50 пайызынан табылды. Орта деңгейлі ауырлық күйде 13,9 мың адам, ал 256 науқас (0,9 пайызы) ауыр жағдайда жатыр», - деді А.Цой.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)