Нұрлан Нығматулин коронавирустан емделіп шықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұрлан Нығматулин коронавирустан емделіп шықты
ашық дереккөз

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус инфекциясын емдеу курсынан сәтті өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Медициналық хаттамаға сәйкес, Мәжіліс спикерінің сынамасы теріс нәтиже көрсеткен болатын. Айта кетейік, 16 маусымда Мәжіліс төрағасы тапсырған тест оң нәтиже көрсетіп, коронавирустың симптомсыз түрі деген диагноз қойылған болатын. Осыдан кейін Нұрлан Нығматуллин өзін өзі оқшаулау туралы шешім қабылдаған.