Мағзұм Мырзағалиев Сардоба су қоймасындағы апаттан кейінгі қалыпқа келтіру жұмыстарымен танысты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мағзұм Мырзағалиев Сардоба су қоймасындағы апаттан кейінгі қалыпқа келтіру жұмыстарымен танысты
ашық дереккөз

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Түркістан облысында болып, сапар аясында Сардоба су қоймасындағы апаттан кейін аймақтағы нысандарды қалыпқа келтіру және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо. “Өңірде суармалы жерлердің көлемін арттыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта жалпы ұзындығы 736 шақырым болатын 122 каналды жөндеу және қайта салу сынды ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 1 500-ден астам адам жұмылдырылған. Тағы мыңнан астам қосымша жұмыс орындары ашылады”, – деп жазды министр өзінің Twitter-дегі парақшасында. Айта кетсек, бұл ауыл-шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді сумен қамтуға арналған стратегиялық маңызға ие жұмыстар. Оның толыққанды жүзеге асырылуы облыстағы ауыл-шаруашылығы өнімдері көлемінің артуына жол ашпақ. Ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ мемлекет жекелеген көкөніс түрлері бойынша импортқа тәуелділіктен арылады.