Елордалық кәсіпорын электр желілерін зақымдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық кәсіпорын электр желілерін зақымдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
ашық дереккөз

Келісілмеген жер қазу жұмыстары кезінде 10 кВ кабель желісін зақымдауы туралы «Астана қалалық жарық» ЖШС өтініші негізінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментімен жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 305-бабы және 302-бабының 2-тармағы бойынша «Электромонтаж» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Осыған орай, Департамент электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында электр желілерінің күзету аймағында жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген «Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидалары» талаптарын орындау қажеттілігі туралы назарға салады.