Алексей Цой жұмыс берушілерге мамандарын қашықтан істеуге көшіруге кеңес берді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алексей Цой жұмыс берушілерге мамандарын қашықтан істеуге көшіруге кеңес берді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115785433735145.webp)
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс берушілерге ұжымды ПТР тест тапсыруға мәжбүрлемей, сақтық шараларын күшейтуді қолға алуға шақырды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысында ұжымдарда жаппай ПТР тест тапсыру туралы норма жоқ. Ол жекелеген ұйымдардың өз бетінше жүргізіп отырған жұмысы. Алайда жұмыс берушілер мамандарынан тест тапсыруды талап етпеуі керек. Егер инфекция жұқтырмағанына сенімді болғысы келсе, мекемені жеке зертханамен қамтамасыз еткені жөн. Ондай тәжірибемізде бар. Кейбір құрылыс және өндірістік компаниялар жеке зертханаларын ашып, мамандарын ПТР тест тапсырғызып жатыр. Негізінде мамандарды жаппай тексерістен өткізгеннен гөрі мекемеде сақтық шараларын күшейткен дұрысырақ. Арақашықтық пен бетперде режимін сақтауы керек. Гигиеналық тазалыққа ерекше мән беріп, адамдар да бір-бірімен қол алысып амандаспай, құшақтаспай жүрсе, өздерін және жақындарын қорғай алады. Жалпы, біз жұмыс берушілерге мамандарын қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беруге кеңес береміз», – деді А.Цой.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)