Науқастарға жедел көмек көрсету үшін 3 мың мобильді бригада құрылады – министр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Науқастарға жедел көмек көрсету үшін 3 мың мобильді бригада құрылады – министр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115789039648412.webp)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой амбулаторлық емханалардың жұмыс істеу форматы жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қалыптасқан жағдайға байланысты қауіпсіз мақсатта медициналық көмекті үйде көрсетуді ұйымдастыру дұрыс шешім деп көріп отырмыз. Амбулаторлық емхана қашықтан жұмыс істеу форматына көшеді. Учаскелер деңгейінде 3 мыңға жуық мобильді бригада ұйымдастыру жоспарланып отыр. Олар медициналық қызметкерлердің пациенттерге баруын, COVID-19 сынақтарын алуды қамтамасыз етеді», - деді министр. Сөз арасында науқастардың жағдайын бақылау да амбулаторлық емханалардың жұмысына кіретінін мәлім етті. «Мобильді бригада пациенттерге кеңес беріп, ем тағайындайды. Сол сияқты уақытша жұмысқа жарамсыздық парағын беру және қашықтан отырып науқастың жағдайын мониторингілеу секілді жұмыстар атқарады», - дейді А.Цой.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)