Пойыз билеттерін онлайн сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа қызмет іске қосылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Пойыз билеттерін онлайн сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа қызмет іске қосылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115783711065376.webp)
Ұлттық тасымалдаушы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған темір жол билеттерін онлайн сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Жолаушылар тасымалы» тасымалы акционерлік қоғамы жолаушыларға сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 2020 жылғы 26 маусымнан бастап «BILET.RAILWAYS.KZ» сайты арқылы барлық топтағы мүгедектерге арнап әлеуметтік маңызы бар пойыздарға жеңілдікпен жол жүру құжатын онлайн ресімдеу қызметін іске қосты. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.04.2015 ж. № 545 бұйрығымен бекітілген «Жолаушылар, багаж, жүкбагаж бен почта жөнелтілімдерін тасымалдау» ережесінің 17-тармағына сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастарға жол жүретін барлық топтағы мүгедектерге, сондай-ақ мүгедек балаларға жол жүру құжаты құнынан 50% мөлшерінде жеңілдік көзделген. Жол жүру құжатын жеңілдікпен онлайн ресімдеу үшін жолаушы тіркеуден өтіп, «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының билет кассасынан «Мейірім» электронды дисконт картасын алуы және картаны іске қосу үшін тиісті символдарды теруі қажет. Жолаушы клиенттер базасына тіркелген соң, үйден шықпай-ақ билетті онлайн түрде сатып ала алады. Пойызға отыру және жол жүру кезінде жолаушыда өзімен бірге жеке басын куәландыратын және мүгедектігін растайтын құжаттарының түпнұсқалары болуы тиіс.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)