Қазақстан Junior Evrovision 2020 байқауына қатысады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан Junior Evrovision 2020 байқауына қатысады
ашық дереккөз

Қазақстан 2020 жылы 29 қарашада Польшада өтетін халықаралық «Junior Eurovision Song Contest» ән байқауына қатысуға үшінші рет шақырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Айтулы шешімді Еуропалық хабар тарату одағы ұйымның басқарма комитетінің анонимді сайлауы нәтижесінде жариялады. Қазақстанның сайысқа қатысуға мүмкіндік алуы еліміздің ең ірі медиа холдингі саналатын «Хабар» Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі болуының арқасында мүмкін болды. Еске сала кетсек, 2018 жылы Данелия Тулешова «Өзіңе сен» әнімен сайыста алтыншы орынды иеленді. Өткен жылы «Арманыңнан қалма» әнін орындаған Ержан Максим екінші орынға (қазылар алқасының шешімімен – бірінші) қол жеткізді.