Қазақстандық нокаутшы үш жыл үзілістен соң рингке оралмақ

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық нокаутшы үш жыл үзілістен соң рингке оралмақ
ашық дереккөз

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Серік Мұсәділов (5-0, 5 КО) рингке жоспардан бір апта кеш оралады, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Boxrec.com порталының мәліметінше, 25 жастағы қазақстандық келесі жекпе-жегін 24 шілдеде Майамидегі Manual Artime Community Center Theater аренасында өткізеді. Қарсыласы 35 жастағы америкалық Куинтелл Томпсон (4-10-1, 4 КО) болады. Бұған дейін Мұсәділов рингке 17 шілдеде оралады деп хабарланған. Негізі басында Серік пен Куинтелл 14 наурызда жұдырықтасуы керек болған. Алайда бұл жекпе-жек коронавирус пандемиясына байланысты шегерілген. Айта кетсек, Серік Мұсәділов соңғы жекпе-жегін 2017 жылы 29 қарашада өткізген. Сол кезде ол мексикалық Мартин Сансоресті екінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Жалпы, кәсіпқой бокста Мұсәділов бес кездесу өткізіп, бәрін нокаутпен аяқтаған.