ITI Capital Astana International Exchange-дің сауда мүшесі болды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ITI Capital Astana International Exchange-дің сауда мүшесі болды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115783139970226.webp)
Astana International Exchange британиялық ITI Capital халықаралық қаржы қызметтерін көрсету компаниясы АІХ-тің сауда мүшесі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. ITI Capital 1994 жылы құрылған және жаһандық брокерлік қызмет көрсетуге, активтерді басқаруға, қаржы инвестицияларына және жаһандық ауқымда технологиялар трансферлеуге ерекше көңіл бөле отырып, ITI Group шатырлы брендімен қаржы технологиялары саласында маманданады. «ITI Capital компаниясының олардың брокерлік істі білуімен үйлесімде бүкіл әлем бойынша клиенттер үшін қолжетімділігі оларды АІХ үшін тамаша серіктес етеді. Біздің жеткілікті түрде мықты болып қалыптасып та қалған сауда мүшелерінің командасына олардың қосылуы өтімділікті арттыру және өсу стратегиясының келесі қадамдарын іске асыруға дайындық барысында біздің жұмысымызға жаңа импульс береді», деді AIX басқармасының төрағасы Тим Беннетт. ITI Group директорлар кеңесінің төрағасы Олег Железконың айтуынша, АІХ-ке мүше болу жаңа мүмкіндіктер береді «Қазақстан нарығы институциялық серіктестерді бұрыннан тартып келеді және қазір ел экономикасына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатқанына біз қуаныштымыз. Біз Қазақстан нарығы туралы біздің Лондондағы және дамушы нарықтардағы клиенттерімізге айтамыз және уақыт өте келе бұл нарық өңірдегі анағұрлым өтімді және әртараптандырылған нарықтардың біріне айналады деп сенеміз», дейді Олег Железко.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)