ФИФА Қазақстан футболына 1,5 млн доллар ретінде көмек береді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ФИФА Қазақстан футболына 1,5 млн доллар ретінде көмек береді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115796223791683.webp)
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) коронавирус пандемиясымен күресте ұлттық федерацияларға көмек көрсетуге $1,5 млрд бөлді. Бұл туралы Елорда Инфо ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Осы бағдарлама аясында барлық ФИФА мүшелеріне, соның ішінде Қазақстан футбол федерациясына көмек көрсетіледі. ФИФА құрамына кіретін 211 қауымдастықтың әрқайсысы $1 млн көлемінде әмбебап грант алады, әйелдер футболын дамытуға $500 мың көлемінде қосымша грант бөлінеді. Алты Конфедерацияның әрқайсысына $2 млн-нан аударады. Бұдан басқа, әрбір халықаралық қауымдастық $500 мыңнан $5 млн-ға дейін несие алуға өтінім бере алады, алайда оның сомасы қауымдастықтардың жылдық түсімінің 35% - нан аспауы тиіс. Конфедерацияға $4 млн. көлемінде кредит ұсынылады.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)