Қазақстанның орнықтылық қоры табысының барлығын мемлекетке аударды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанның орнықтылық қоры табысының барлығын мемлекетке аударды
ашық дереккөз

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ 27,7 млрд теңге табысты дивидендтер төлеуге бағыттады, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Төлем ҚОҚ акционері - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелерін орындау аясында, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің «Мемлекеттік акциялар пакетінің дивидендтері және ұйымдардағы мемлекеттік акциялар бойынша кірістер туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылды», деп көрсетті қордың баспасөз қызметі. ҚОҚ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы. Негізгі міндеттері: банк секторының қаржылық тұрақтылығына ықпал ету; ипотекалық тұрғын үй заемдарының қол жетімділігін қамтамасыз етуге қатысу; ипотекалық тұрғын үй заемдарын (ипотекалық қарыздар) қайта қаржыландыру тетігін іске асыруға қатысу; басым жобаларды несиелеу механизміне қатысу; Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту жөніндегі шараларды іске асыруға қатысу болып табылады.