Азия даму банкі Қазақстанға 1 млрд доллар бөледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Азия даму банкі Қазақстанға 1 млрд доллар бөледі
ашық дереккөз

Азия даму банкі елімізге коронавирус індетінің өршуіне байланысты туындаған экономикалық мәселелерді шешу үшін 1 миллиард доллар бөледі, деп хабарлайды Елорда Инфо 24.kz-ке сілтеме жасап. Бұл банк Қазақстанның маңызды әріптесі болып саналады. Бұл қаражат есебінен инфекция таралуын тоқтатуға бағытталған шаралар жүзеге асырылады. Мәселен, медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеріп, оларды сақтану құрал-жабдықтарымен қамту көзделген. Сондай-ақ Азия даму банкі Қазақстанмен бірлесіп, мемлекеттік басқару, шағын бизнесті қолдау мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар атқармақ.