С.Қисықова: Жұқпалы және провизорлық ауруханаларда науқастардың саны 2,5 мыңға дейін артты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![С.Қисықова: Жұқпалы және провизорлық ауруханаларда науқастардың саны 2,5 мыңға дейін артты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115810449314023.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте бас қалада вирус жұқтырғандардың еселеп артқанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Күн сайын коронавирус инфекциясы мен пневмания бойынша қалада 350-400-ге дейін адам ауруханаға жатқызылады. Жұқпалы және провизорлық ауруханаларда науқастардың саны 2,5 мың адамға дейін өсіп отыр. Оның 91 пайызының жағдайы орташа болса, қалған 9 пайызының жағдайы ауыр және өте ауыр. Олар бірден жансақтау бөліміне түседі. Алдыңғы аптамен салыстырғанда науқастардың саны 3 есеге дейін өсті. Ағымдағы тәулікте жансақтау бөлімінде 103 науқас жатыр. Оның ішінде 55 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, олардың 22-сі жасанды өкпе желдеткіш аппаратына таңылған. Өкінішке қарай, 38 өлім жағдайы тіркелді. Олардың 70 пайызы – 60 жастан асқандар», – деді ол.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)