Елордада күніне 150-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді – Қисықова

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада күніне 150-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді – Қисықова
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте елордадағы жедел жәрдемге шақыртулардың еселеп көбейгені туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Елордада соңғы тәулікте 70 адам емделіп шықты. Жедел жәрдемге жүктеме артты. Бір аптада тұрғындардан 28 мың өтініш келіп түсті. Соңғы тәулікте бұл көрсеткіш бір күннің өзінде 4,5 мыңға дейін жетті. Ал қызмет көрсетілген шақыртулар 18 мыңға жуықтап, кешегі күні 2 800 болды. Соның ішінде коронавирус инфекциясына байланысты 4 438 қоңырау түскен. Кеше 1 300 шақырту түсті. Осы аптаның басқармалық шешімі бойынша жедел жәрдем базасында аумақтың емханалардың орта медициналық қызметкерлерінің байланыс орталығы ұйымдастырылды. Онда күніне 500-ге дейін қоңыраулар өңделеді. Ондағы негізгі сұрақтар коронавирус инфекциясы бойынша болады. Сонымен қатар алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында аумақтық емханаларда қосымша жаңа жедел жәрдем топтарын құру туралы шешім қабылданды. Жалпы, жедел жәрдем қоңырауларына қызмет көрсету үшін күніне 150-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр», – деді ол.