Президент Мәскеудегі әскери парадқа қатысып, «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент Мәскеудегі әскери парадқа қатысып, «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойды
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Мәскеу қаласында өтіп жатқан әскери парадқа қатысты. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеуде, Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысып, «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойды»,-деп жазады Берік Уәли.