Қазақстанда «StopMusor» әлеуметтік жобасы өтіп жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда «StopMusor» әлеуметтік жобасы өтіп жатыр
ашық дереккөз

4 маусымда Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы «StopMusor» әлеуметтік жобасының басталғанын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Жоба халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеуге бағытталған. Жоба шеңберінде кең ауқымды түсіндіру ақпараттық кампаниясын, экологиялық акциялар мен іс-шараларды өткізу, сайт, әлеуметтік желілердегі беттер және ел тұрғындарын жаппай тарту үшін жобаның мобильді қосымшаларын іске қосу жоспарлануда. Жоба көшелерде шашылған қоқыстың қоршаған ортаға және адам денсаулығына теріс әсері туралы халықтың кең ауқымының хабардар болуына мүмкіндік береді. «StopMusor» жобасы 2021 жылдың наурызына дейін жалғасады. Жоба аясында негізгі екпін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындарына бағытталатын болады. Біз елдің ірі мегаполистерінде пилоттық жобаларды іске асыруды бастаймыз. Азаматтарды әлеуметтік-жауапты өмір салтына шақыра отырып, жұртшылықтың назарын тұрмыстық қалдықтар проблемасына аудара келе, біз жобаның соңына қарай Нұр-Сұлтан мен Алматыда қоқыс тастау деңгейінің төмендейтініне сенеміз», - деп атап өтті брифингте Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл Соловьева. Өкінішке қарай, COVID-19 пандемиясына байланысты тұрғындардың жаппай оқшаулануына қарамастан, қалалардағы қоқыстану деңгейі артты және көрініс бояуы қоюлана түсті. Бұл жағдай адамның қоршаған ортаның қоқыстануына байланысты мәселелерге жауапты екенін көрсетеді, демек, бұл біздің қалаларымыздың тазалығы мен қоршаған ортасына адамдардың тұтынушылық қатынасын өзгерту қажет деген сөз. Осы жыл аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы «StopMusor» жобасын жүзеге асыруда елдің барлық эко-волонтерлерінің күш-жігерін біріктіруге ниетті. Бұл бастама мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 11 желтоқсанда Жастар жылының жабылуында сөйлеген сөзінде атап өткен «Таза әлем» бағытының ажырамас бөлігі. Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы қоғамдық пікір көшбасшыларын, эстрада жұлдыздарын, актерлерді, қоғам белсенділерін, жастар көшбасшыларын және Қазақстанның барлық азаматтарын таза қала идеясын танымал етуге және еріктілер жылында қоршаған ортаны сақтауға өз үлесін қосуға шақырады. Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының «StopMusor» әлеуметтік жобасы «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.