Қазақстан Әскери-әуе күштері жаңа жауынгерлік тікұшақтармен толықты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстан Әскери-әуе күштері жаңа жауынгерлік тікұшақтармен толықты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115807143826417.webp)
Қарулы Күштерде жүргізіліп жатқан қайта жарақтандыру аясында су жаңа төрт Ми-35М көпфункционалды тікұшағы еліміздің батысындағы Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің авиациялық базасына келді, деп хабарлайды Елорда Инфо Қорғаныс миристрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоғары ұшу-техникалық сипаттамалары бар Ми-35М әртүрлі метеожағдайларда тиімді қолдануға мүмкіндігі бар. Негізгі аталмыш функцияларынан басқа Ми-35М тікұшағы жеке құрам мен жүктерді тасымалдау, науқастар мен жараланғандарды медицина қызметкерінің еріп жүруімен тасымалдау үшін пайдаланылуы мүмкін. Ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрам тікұшақтардың осы түрлеріне теориялық және практикалық қайта оқытудан өтті. Айта кетейік, тікұшақтарды жеткізу Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі мен «Рособоронэкспорт» кәсіпорны арасындағы шарт шеңберінде жүзеге асырылды.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)