ИИДМ: Елімізде жылыту маусымына 47 мың тұрғын үй дайындалады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ИИДМ: Елімізде жылыту маусымына 47 мың тұрғын үй дайындалады
ашық дереккөз

Биыл жылыту маусымына дайындық барысында денсаулық сақтау объектілері мен тұрғын үйлерге баса назар аударылады. 6 мыңдай денсаулық сақтау объектісі мен 47 мың тұрғын үйді дайындау жоспарланған, деп хабарлайды Елорда Инфо Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. Оқу жылы басталғанға дейін 10 мыңдай білім беру объектісін дайындау көзделіп отыр. Халықты жылумен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 10 мыңнан аса автономдық қазандықты, 5 мың шақырым жылумен жабдықтау желісін және 13 мың сумен жабдықтау желісін дайындау керек. Сондай-ақ, автономдық қазандықтарды көмір және мазутпен қамтамасыз ету керек. (1 млн. 200 мың тоннадан астам көмір және 52 мың тонна мазут). «Қазақстан темір жолы» АҚ көмір разрезінен өңірлердің темір жол тұйықтарына дейін вагондарды уақытында жеткізіп, көмір тасымалын жүзеге асырады. Көмір дайындау бойынша мониторинг Министрліктің тұрақты бақылауында.